Карантинді жеңілдету: Алматыда 11 аурухана қалыпты жұмыс режиміне көшірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 11 аурухана қалыпты жұмыс ырғағына қайта көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, мегаполисте коронавируспен ауырған науқастарды ауруханаға жатқызу төмендеген. Нәтижесінде 11 емдеу мекемесі қалыпты жұмыс режиміне оралды. «Қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар санының азаюына байланысты, инфекциялық стационарлар, көпбейінді ауруханалар ақырындап қалыпты жұмысына оралып жатыр. Сонымен, «Тері-венерологиялық диспансері», «Қалалық ревматологиялық орталық», «HAK Medical» клиникалық стационары, «Б. Жарбосынов атындағы ғылыми урология орталығы», «Қалалық жедел жәрдем ауруханасы», «Алматы теміржол емханасы», № 4 және №7 қалалық клиникалық ауруханасы, «Орталық қалалық клиникалық ауруханасы», «Қалалық кардиология орталығы», «Психикалық денсаулық орталығы» коронавируспен ауыратын науқастарды күту жүйесінен алынады»,- деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 25 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Алматы қаласы «қызыл» аймақтан шығып, «сары» аймаққа өтті.

Шектеу шаралары елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 7 күн бойы жалғасады. Бәсеңдеу немесе күшейту мәселелері қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың дамуына байланысты қаралатын болады.

Соңғы жаңалықтар