Карантинді жеңілдету: Ақтөбеде қандай өзгерістер болады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде той мен еске алу шарасын өткізуге, балалардың сауықтыру лагеріне, жағажайлар мен бассейндер жұмысы тыйым салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева жаңа қаулыға қол қойды. Онда карантиннен кейінгі шектеулер анық көрсетілген.

«Ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және адам көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге болмайды. Үйде ұйымдастыруға да тыйым салынған. Караоке, бильярд, компьютерлік клуб, түнгі клуб, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңы, батут, кинотеатр, букмекерлік кеңсенің қызметтеріне рұқсат жоқ. Мәдени ошақтар мен мұражайлар жабық. Конференция, көрме, форум өткізілмейді. Балалардың сауықтыру лагерлері жұмыс істемейді. Ал балабақшаларда әзірге тек кезекші топқа рұқсат бар. Қалалық және қоғамдық жағажай, бассейн, ашық аквапарк, діни нысандардың жұмысына, қалааралық автобус, шағын автобус тасымалына тыйым салынды», - делінген Қаулыда.
Айта кетейік, кәсіпкерлер жұмысты қайта бастау үшін InfoKazakhstan.kz сайты арқылы электронды акт алуы тиіс.
Бекітілген құжатқа сәйкес, сауда-ойын-сауық кешені, сауда үйлері, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, жұмыс істейді. Тек келушілер санына шектеу болады. Сұлулық салоны, шаштараз, СПА орталықтары және косметология қызметі жанданады. Фитнес және спорттық-сауықтыру орталықтары, монша мен сауна жұмысына рұқсат берілді. Балалардың түзету кабинеті, балалар және ересектер білім беру орталықтары, ашық аспан астындағы аттракциондар қызметі жанданады.
Қоғамдық тамақтану орындары қызметін бастайды. Тек бір нысанда келушілер саны 30 адамнан аспауы тиіс. Ауданаралық бағыттардағы қоғамдық көліктер мен такси қызметтеріне рұқсат. Ал демалыс күндері шектеу жалғасады. Бұл шектеу қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде) қарастырылмайды. Адамдар медициналық немесе мата маскаларын міндетті түрде тағуы тиіс. Жасты 5-ке толмаған, қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтаған, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жеке және топтық спортпен шұғылданған, медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға міндетті емес.

Соңғы жаңалықтар