+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

«Карантиндегі жұлдыз» жобасы өнер адамдары халықпен бірге екендігін дәлелдеді - Жеңіс Сейдуллаұлы

2020 жылғы 27 наурыз 16:08
Бөлісіңіз:
«Карантиндегі жұлдыз» жобасы өнер адамдары халықпен бірге екендігін дәлелдеді - Жеңіс Сейдуллаұлы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Карантиндегі жұлдыз» жобасы өнер адамдары әрдайым халықпен бірге екендігін дәлелдей түсті.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістандықтар мемқызметтерді жаңадан іске қосылған порталдан алуда Коронавируспен күрес кезінде алаяқтар әлеуметтік желілерде белсенді Алматыда медициналық мекемелерге 17 өкпені жасанды желдету аппараты табысталды

Мұндай пікірді «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID19» пандемиясына байланысты карантин тәртібі, соның салдарынан пайда болған кейбір қиындықтар мен уақытша дағдарыс ел ішінде бірқатар алаңдаушылық туғызды. Бірақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, әрбір дағдарыстың екі жағы бар. Біріншіден, бұл – қауіп, екіншіден, бұл – мүмкіндік. Біз үшін карантин өнер саласын жаңаша дамытуға үлес қосатын жаңа мүмкіндіктер кезеңіне айналды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты барлық өнер ұжымдары онлайн кеңістікті қарқынды игеріп, көрермен қауымға жақын бола түсті», - деді ол.

Ұйым басшысының атап өтуінше, 23 наурыздан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Қазақконцерт пен Қазақтелеком ұйымдары бірлесіп, Live форматындағы «Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жобаны бастады. Онлайн өмірге және әлеуметтік желілерге бет бұрған халықтың бос уақыты пайдалы, тиімді әрі позитивті өтуіне бұл жоба зор үлес қосуда. Байланыс саласының көшбасшысы «Қазақтелеком» АҚ-ның зор мүмкіндіктері арқылы «Карантиндегі жұлдыз» жобасы барша халыққа және еліміздің шалғай жатқан өңірлеріне қолжетімді бола алды.

«Қазіргі уақытта жобамызды тек қазақстандық көрермен ғана емес, шетелдіктер де тамашалайтынын байқауға болады», - деді Жеңіс Сейдуллаұлы.

Оның айтуынша, жоба аясында танымал қазақстандық өнер жұлдыздары мен Қазақконцерттің әртістері жанды дауыста және онлайн форматта өнер көрсетеді. Өнерсүйер қауымға әртүрлі бағыттағы – фольклорлық, эстрадалық, классикалық және ұлт аспаптық орындауда концерттер ұсынылмақ. Жобаның басты артықшылығы – көрермен қауым үйден шықпай, сүйікті әншілерінің өнерін үйдегі жайлы атмосферада тамашалай алады. Бұған қоса, концерт барысында тыңдармандар өнер жұлдыздарымен тікелей сұхбаттасып, ой-пікірлерін білдіре алады. Концерттер Қазақтелекомның Kazakhtelecomkz YouTube арнасы арқылы тегін көрсетіледі.

Осы күндері Роза Рымбаева, Жеңіс Сейдуллаұлы, Жұбаныш Жексенұлы, Ғаділбек Жаңай сынды белгілі әншілер өздерінің онлайн концерттерін беріп үлгерді. Концерттер көрерменнің ықыласына бөленуде. Тіпті 26 наурыз күні өткен Роза Рымбаеваның онлайн концертін Мемлекет басшысы да жоғары бағалап, концертті халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы деп бағалады. Алдағы уақытта Сәкен Майғазиев, Медеу Арынбаев, Құрмаш Махан, Мөлдір Әуелбекова, Нұржан Керменбаев және басқа артистердің концерттері өтеді.

«Карантиндегі жұлдыз» жобасы өнер адамдары әрдайым халықпен бірге екендігін, қиын кезеңде бір-бірімізге қашықтан да қолдау көрсете алатындығымызды дәлелдей түсті. Жалпы алғанда, әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, Қазақконцерт өзге де тың жобаларды қолға алды. Олардың қатарында: «Бір әннің тарихы», «Музыкалық аспапта ойнау» инста-үйірмесі, үздік концерттердің бейнежазбаларын көрсету және басқалары бар. Менің ойымша, осындай онлайн жобалар қазіргі кезде аса өзекті. Бұл жобалар бізге тек уақытты пайдалы өткізу ғана емес, ең бастысы – халыққа рухани азық беру, демеу болу және өнерімізді насихаттау үшін қажет. Мәдениет пен өнер – бұл қашан да халықтың рухани діңгегі, сарқылмас қазынасы екенін ұмытпаған жөн», - деді Жеңіс Сейдуллаұлы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT