Карантиндегі жұлдыз: Қазақстандық әншілер Батырхан Шүкеновті еске алды

None
None
НҰР-СҰЛТАн. ҚазАқпарат – Кеше «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында танымал әнші, музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті. Онлайн концертте әншінің аңызға айналған әндері шырқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіз еңбегіңіз арқылы қуаныш әкеліп, жылу мен жарық сәулесін шашсаңыз, ал адамдар оны сезінсе, олардың энергиясы сізге оралады. Мұның өз мән-мағынасы бар. Мен эфирді дәл осы сөздермен бастағым келеді, өйткені ол бүгінгі онлайн-концерттің басты кейіпкері Батырхан Шүкеновке арналады», - деді кештің басында әнші Әли Оқапов.

Кеш қонақтары - Роза Рымбаева, Сағынай Абдуллин, Наджиб Вильданов, Ренат Гайсин, Жанар Дұғалова, Рүстем Нұржігіт, Диная, Әли Оқапов, Сырымтай Еңсепов, Жеңіс Нұрғали. Әріптестері, достары, музыканттың жақындары әнші туралы қызықты естеліктерін бөлісті.

Қазақ эстрадасының примадоннасы Роза Рымбаева алматылық музыканттардың ресми емес әнұранына айналған «Гавань моей любви» әнін шырқады.

Батырхан Шүкеновтің достары мен әріптестері арнайы бейнеүндеу дайындады. Әнші Сағынай Абдуллин, ресейлік эстрада әншісі Игорь Саруханов, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, ресейлік әнші және композитор Леонид Агутин және тағы да басқа танымал музыканттар Батырхан туралы жылы естеліктер айтты.

«Батырмен араласқанда, оның жақсы адам екенін түсінесің. Ол өте мейірімді жан және кәсіби маман. Біздің кәсіби эстардамызда мұндай адамдар өте аз. Батырханның жоқтығы білінеді. Оның орнын ешкім де баса алмайды. Біз оны ұмытпауымыз керек. Ол біздің жүрегімізде мәңгі қалады», - деді Леонид Агутин.

Концерт барысында музыканттар Батырхан Шүкеновтің «Солдат любви», «Твои шаги», «Корабли любви», «Отпусти», «Гүл Алматым», «Отан Ана», «Любовь-река», «Молитва», «Нелюбимая», «Джулия» және тағы да көптеген әнін орындады.


Соңғы жаңалықтар