+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Карантиндегі жұлдыз: Қазақстан жұртшылығы жаңа концертті онлайн тамашалайды

2020 жылғы 24 наурыз 16:50
Бөлісіңіз:
Карантиндегі жұлдыз: Қазақстан жұртшылығы жаңа концертті онлайн тамашалайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандықтар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдуллаұлының концертін онлайн режимде тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жобамыздың алғашқы концерті көпшіліктің көңілінен шыққанына ризамыз! Жобаның кезекті концертін бүгін 24 наурыз күні сағат 21:00-де Қазақтелекомның Youtube арнасы мен @zhenisseidullauly парақшасынан тікелей эфирде көре аласыздар. Сiздер үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдуллаұлы өнер көрсетеді. Жеңіс Сейдуллаұлының лирикалық әрі романтикалық, ырғақты әрі көңілді туындылары мен жайсаң күндердің естелігі болған хит әндерi жаныңызға жылу сыйлап, көңіліңізді көкке көтереді деп сенеміз, құрметті көрермен», - делінген «Қазақконцерт» ұйымының Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Live форматында «Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жобаны бастаған болатын.

Жоба аясында кеше ең бірінші болып жүрекке жылы үнімен, әсем әуенді әндерімен көрерменнің ықыласына бөленген өнер иесі Жұбаныш Жексенұлы өнер көрсеткен еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT