+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

«Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жоба басталады

2020 жылғы 23 наурыз 09:12
Бөлісіңіз:
«Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жоба басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Live форматында «Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жоба бастайды. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин пандемиясымен күрес тиімділігін арттыру үшін құзырлы органдарға бірқатар міндет жүктеді Қазақстанда өткен тәулікте 1721 адам коронавирус індетінен емделіп шықты Алексей Цой қыркүйекте барлық мектепте оқушыларды қашықтан оқытуды ұсынды

«Қазақстандық мәдениет және спорт ұйымдары жарияланған карантин жағдайында көрермендер мен жанкүйерлерден алыстамай, онлайн-кеңістікті қарқынды игеруде. Мәдени іс-шараларды өткізуге қойылған уақытша шектеулер әртістер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Карантин кезінде адамдардың басым көпшілігі әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатынын ескере келе, өнердің қолжетімділігін баршаға қамтамасыз ету мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақтелеком» АҚ Live форматындағы «Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жобаны бастайды», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше,жуырда қазақстандық әртістер онлайн форматта «Қазақтелеком» АҚ-ның telecomkz YouTube арнасы арқылы өздерінің онлайн-концерттерін ұсынады. Сондай-ақ бұл концерттер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Facebook және Қазақконцерттің @qazaqconcert Youtube парақшаларында қайталанады. Өнер сүйер қауым әр түрлі бағыттағы – фольклорлық, эстрадалық, классикалық және аспаптық концерттерді тамашалайды. Концерт барысында тыңдармандар өнер жұлдыздарымен тікелей сұхбаттасып, ой-пікірлерін білдіре алады. Концерттер тегін әрі баршаға қолжетімді болмақ.

Жобаның алғашқы онлайн-концерті бүгін, 23 наурыз күні сағат 21:00-де Тelecomkz YouTube арнасынан көрсетіледі. Бұл кеште қоңыр даусымен, жүрекке жылы үнімен, әсем әуенді әндерімен көрерменнің ықыласына бөленген өнер иесі Жұбаныш Жексенұлы өнер көрсетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT