+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Карантинде жұмыссыз қалмаса да, 42 500 теңгеге өтінім бергендер жазалана ма

2020 жылғы 14 шілде 20:10
Бөлісіңіз:
Карантинде жұмыссыз қалмаса да, 42 500 теңгеге өтінім бергендер жазалана ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға құқығыңыз болмаса, онда өтінім берудің еш қажеті жоқ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2,3 млн қазақстандық 21 250 теңге алды – Еңбек министрлігі 2,3 млн қазақстандыққа 42 500 теңге біржолғы төлем берілді – Еңбек министрлігі 2,27 млн адамға 21 250 мың теңге төлем берілді - Еңбек министрлігіне

«Осы уақытқа дейін жұмыс істеп келіп, карантинге байланысты табысынан қағылған жалдамалы жұмысшылар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке кәсіпкерлер өтінім бере алады. Ал мұндай санатқа кірмейтіндер әлеуметтік төлем алуға тырыспай-ақ қоюларыңызды өтінемін. Бұл - жауапкершілік. Осы жолы порталдың төменгі жағында әрбір адам оқып, шектеу шараларына байланысты кірісінен айырылғанын растайтын белгіні белгілеуі тиіс болады. Ол ұсынған мәліметтері үшін мойнына жауапкершілік алады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Осы ретте ол әлеуметтік төлем алуға құқығы жоқ азаматтарға 42 500 теңге алу үшін өтінім берудің қажеті жоқ екендігін ескертті.

«Өткен жолы жарты жыл бұрын жұмыс істеп кеткен жұмыс берушісінің бизнес сәйкестендіру номерін көрсетіп, өтінім берген азаматтар да болды. Оларға да 42 500 теңгеге өтінім бермеуді ұсынамыз. Жұмыссыз жүргендер жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгені дұрыс. Онда тіркелу арқылы өз жалақыңның шамамен 40 пайызы мөлшерінде заңды төлем алуға болады», - деді Біржан Нұрымбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT