Карантинде отырған елордалықтар балконға шығып, әнұранды қосыла шырқады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бір аптадан бері төтенше жағдай режимінде өмір сүріп жатқан елордалықтар балконға шығып, бүкіл үй болып Қазақстанның әнұранын бірге шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Facebook әлеуметтік желісінде ауладағы тұрғындардың әнұранды қосыла шырқаған видеосы тарады.

Видеоны желіге жүктеген Сәуле Қайсар атты қолданушының жазуынша , бұл - Нұр-Сұлтандағы «Меруерт» кешенінің тұрғындары.

«Мен де көптеген елордалықтар сияқты үйден шықпай, қамалып отырғанмын. Бір кезде сырттан көтеріңкі дауыстар мен ысқырық естілді. Сөйтсем көршілер балконға шығып, қосылып бірге ән шырқап, қолынан келгенше бір-біріне қолдау көрсетіп жатыр екен. Шынымды айтсам, көңіліп көтеріліп қалды, ал екінші жағынан біртүрлі мұңды. Біз төрт қабырғаға қамалып отырмыз, қолымыздан келетіні - үміт үзбей күту ғана», - деп жазады видео авторы.

Видеодан тұрғындардың бірінен бірі іліп әкетіп, «Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім, Туған жерім менің, Қазақстаным» деп жаңғырған даусын естуге болады.


Соңғы жаңалықтар