+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Карантинде отбасында жанжал шығаратындарды бақылаудың жаңа тәсілі енгізілді

2020 жылғы 6 тамыз 17:16
Бөлісіңіз:
Карантинде отбасында жанжал шығаратындарды бақылаудың жаңа тәсілі енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының басшысы Әсет Оспанов карантин кезінде отбасында жанжал шығаратындарды бақылаудың тәсілі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында халықаралық іздеу жарияланған 8 қылмыскер ұсталды Пәтерді жалға алып, қымбат теледидарды ұрлап кеткен адам ұсталды Қызылордада тергеу изоляторында сәлемдемеден телефон табылды

«Ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы бойынша қадағалаудың жаңа тәсілдерін әзірледік. Тіркеуде тұрғандар және құқық бұзушылыққа әуес адамдар қашықтан, яғни әлеуметтік мессенджерлермен видео байланыс арқылы тексерілді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, бұл тәсіл аталған адамдарды жедел бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері жайында полиция органдарына жедел хабар беру үшін арнайы алгортим дайындалды. Онымен дәріханалар мен дүкендердің сатушылары, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа тап болуы мүмкін жандар таныстырылды.

«Нәтижесінде, өзін-өзі оқшаулау кезеңінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілікке 8 мыңнан астам құқық бұзушылар тартылды. Олардың арасында жартысына жуығы әкімшілік қамауға алынды», - деді Ә. Оспанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, коронавирус індеті кезінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT