Карантинде киім мен косметика алушылар саны азайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы элоектронды сауда көрсеткіштерін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия кезеңінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды. Бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз. Одан басқа, адамдардың карантин нормаларын сақтауына әсер ететін маңызды сервис – электронды коммерция болып саналады. Биыл біз осы саланың қарқынды дамуын байқап отырмыз», - деп атап өтті вице-министр.

Осы жылғы алты айда интернет дүкендерінде 20 млн жуық тауар сатып алынды. Қазақстандық интернет дүкендерден алынған тауарлар саны биыл 7 миллионнан 14 миллионға дейін екі есеге өсті.

«Карантин кезеңіндегі нарықты қарасақ, адамдардың алатын тауарлар санаты өзгерді. Киім мен косметиканы сатып алудың төмендеуі байқалды. Бірақ, азық-түлік, дәрі-дәрмек және балалар тауарларын көбірек сатып ала бастады.

Қазақстанда пандемия кезінде өзекті болып табылатын көптеген тауар позицияларының өндірісі бар екенін атап өту қажет. Тиісінше, қазақстандық өндірушілерді онлайн сатуға шығару бойынша белсенді жұмыс істеу ұсынылады», - дейді Б. Мусин.

Карантин себебінен фудтех және фармтех бағыттары әлемдегідей Қазақстанда да белсенді өсуде.

«Өңірлерде азық-түлік өнімдерінің онлайн сервистерінің пайда болуы маңызды. Бұл үшін жергілікті кәсіпкерлерді онлайн сатуға үйретеміз. Сондай-ақ, фармацевтика сегментінде антибиотиктерді онлайн сатып алуда кедергілер бар, себебі онлайн рецептураның болуын талап етеді. Ол үшін біз Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс істеп, онлайн рецептілер жүйесін дамытамыз», - деді Бағдат Мусин.

Айта кетейік, Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин электронды сауданы жолға қою бойынша бірқатар тапсырма берді.



Соңғы жаңалықтар