+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Карантин: Жезқазғандық оқушы өзі ойлап тапқан Робоқолмен дүкенге барады

2020 жылғы 8 сәуір 19:24
Бөлісіңіз:
Карантин: Жезқазғандық оқушы өзі ойлап тапқан Робоқолмен дүкенге барады

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазғанда жас техниктер 3D-принтерде маскалар мен басқа да құрылғыларды басып шығаруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалар мен жасөспірімдер сарайының шығармашылық даму орталығы қашықтан жұмысын жалғастыруда. ECOplus үйірмесінің жетекшісі Андрей Матвеев өз тәрбиеленушілерінің жетістіктері туралы айтып берді.

«Білім беру робот техникасы бүгінде белсенді дамып келеді. Қашықтан оқыту сабақтарында конструкторлық идеялар мен жобаларды әзірлейміз. Мәселелерді зерттейміз және ми шабуылының көмегімен шешу жолдарын ұсынамыз. Алдымен, ZOOM-конференциясы режиміндегі сабақ барысында 3D үлгісін жасаймыз. Соңғы дизайн аяқталғаннан кейін STL-форматтағы файлды жасаймыз. Оны слайсерде өңдейміз және жетілдіреміз, файлды G-кодқа аударамыз және 3D-принтерде басып шығаруға жібереміз», - деп бөлісті оқытушы.


Оқушылар робототехника әлеміндегі жаңалықтарды зерттей отырып, интернеттен де білім алады. Содан кейін өз баламаларын жасайды.

Арыстан Сембаев қашықтан білімін жалғастыру барысында өзінің «робоқол» манипуляторын жетілдірген екен. Сондай-ақ, оқушы арнайы қалқаны бар қорғаныш маска-респиратор үлгісін әзірледі.

«Арыстан өз модельдерін жергілікті супермаркетте сынап көрді. Әрине, ол құрылғысымен айналасындағыларды таңғалдырды. Робоқолдың көмегімен ол алған тауарларын себетке салған. Сатушылар бұл процесті бақылап, ерекше сатып алушының жетістігіне қуаныштарын білдірген. Болашақта Арыстан дүкенге барып, қажеттіні сатып алатын өз роботын құрастырғысы келеді», - деп хабарлады Андрей Матвеев.


Жас техниктер карантин кезінде басқа да пайдалы нәрселермен айналысуда. Олардың ішінде: гигиеналық және портативті ұстағыштар, робот-дезинфектор прототипі бар. Милена Чензе үйде смартфон немесе планшет арқылы басқарылатын электр құралдары мен құрылғыларды қашықтан қосу және ажырату үшін ақылды розетка құрастырған.

Үйірме жетекшісінің айтуынша, үш 3D-принтерде күніне: есік тұтқасына арналған 30 гигиеналық ұстағыштар; 60 жеке портативті ұстағыштар; маска-респиратордан және қорғаныс қалқандарынан құралған 30 жиынтық басып шығаруға болады. Үш «Робоқол» манипуляторын басып шығаруға бір апта уақыт қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT