Карантин: Жамбыл облысында 53 млн теңгеге айыппұл салынған

None
None
ТАРАЗ.ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 5 қарашадан бері карантин талаптарын бұзғандарға 53 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға өз жақындарының денсаулығын сақтау мақсатында көпшілік жиналған іс-шараларға бармау және қолданыстағы карантиндік шектеулерді сақтау қажеттігін ескертеді. Өңір полицейлері мониторингілік топ құрамында рейдтік тексерістерге қатысып, бузышылықтарды анықтауда.

«Ағымдағы жылдың 5 шілдесі мен 24 қарашасы аралығында түрлі меншік нысанындағы 11 мыңнан астам нысан тексерілді. Карантин режимін сақтау бойынша мониторингтік топтар нысандарда 763 құқық бұзушылықты анықтады, жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 53 034 798 теңгеге 450 айыппұл салынды», - деді облыстық ПД департаментінің баспасөз қызметінен.

Мәселен, жуырда ғана карантин режимі мен санитарлық нормалардың сақталуын тексеруді жүзеге асыратын мобильді топ Меркі ауданында екі отбасылық іс-шараны және Байзақ ауданында бір үйлену тойын өткізу дерегін анықтады.

Аталған іс-шаралардағы қонақтар саны 200-ге жуық адамды құрады. Қонақтардың арасында 2 жастағы баладан бастап 67 жасқа дейінгі азаматтар болған. Полицейлер тәртіп бұзушылармен профилактикалық әңгімелесу өткізді, ал іс-шараларды ұйымдастырушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар тек бір тәулік ішінде әлеуметтік нысандарды уақтылы дезинфекцияламау, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтамаумен байланысты алты құқық бұзушылық дерегі анықталды.


Соңғы жаңалықтар