Карантин уақытында қала шетінде демалуға рұқсат бар ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрі Марат Бекетаев карантин уақытында табиғатта немесе қала шетінде демалуға рұқсат барын, алайда адамдар көп жиналмау керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нақты қай жерде демалғыңыз келетінін айқындап алу керек. Әкімдіктер шектеу қойып тастаған аумақтар бар. Бұл негізінен адамдар көп жиналатын орындар – қаладағы жағажайлар, бақтар. Әлбетте баруға болмайтын осындай орында демалсаңыз – ол заң бұзушылық болып есептеледі. Жалпы табиғатқа шығуға болады. Алайда адамдар көптеп жиналмау керек. Егер бірнеше отбасы бірігіп, демалғысы келсе – онда ол карантин тәртібін бұзған болып есептеледі. Ал бір отбасы оп-оңай қала сыртында демала алады. Алайда бұл ретте барлық ереже сақталуы тиіс», - деді Марат Бекетаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек Марат Бекетаев бұған дейін карантин тәртібін сақтамай, той жасағандар қалай жазаланатынын айтқан болатын.

«Мұндай жағдайда тиісті Заң бабына сәйкес, алғашқы жағдайда айыпталушыға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер мұндай шаралардың барысында азаматтар жаппай вирус жұқтырса, айыппұлдың да көлемі айтарлықтай көп болады. Ал оқиғаның салдары жағымсыз жағдайға апарса, қылмыстық іс те қозғалуы ықтимал», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар