Карантин туралы жалған ақпарат таратқан қостанайлық ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында WhatsApp желісі арқылы жалған ақпарат таратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«WhatsApp желісінде 2020 жылғы 29 наурызда Қостанай, Лисаковск, Рудный, Тобыл қалаларының карантинге жабылатыны туралы жалған ақпарат тарады. Осы дерек бойынша Меңдіқара ауданы, Қасқат ауылының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол әлеуметтік желіде Ломоносов ауылының тұрғындарына карантин туралы ескерту жасаған», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазір ер адамға Қр ҚК 274-бабы «ТЖ жағдайында ақпаратты көрінеу жалған тарату» бойынша айып тағылды. Оның кінәсі дәлелденсе, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Құрмет Мәжікенов облыс бойынша жүріп-тұруға тыйым салынбағанын атап өтті. Сондай-ақ, полиция Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына шығуға тыйым салу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Соңғы жаңалықтар