+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Карантин: Таразда 100 адамдық той тоқтатылды

2021 жылғы 17 сәуір 10:48
Бөлісіңіз:
Карантин: Таразда 100 адамдық той тоқтатылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздағы мейрамханалардың бірінде 100 адамға арналған той тоқтатылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бельгияда вакцинация қарқын алды: Билік карантин талаптарын жұмсартты Павлодар облысында ойын-сауық орындарының қызметіне тыйым салынды СҚО-да 29 нысан Ashyq жобасына қатысып жатыр

Карантин режимі мен шектеу шаралары талаптарының сақталуын бақылау аясында Жамбыл облысының полицейлері мобильді топтармен бірлесіп, кезекті ұйымдастырылған көлемді іс-шара дерегін анықтады. Тараздағы мекемелердің бірінде рейд кезінде 100-ден астам адамның қатысуымен өтіп жатқан той анықталды.

Барлық қонақтармен профилактикалық әңгіме өткізілді, ал іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша хаттама жасалды және жауапқа тарту үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілген.

«Ауру-сырқаудың статистикасына қарамастан, адамдар өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. Жыл басынан бері әртүрлі нысандарда карантин режимінің 430 бұзылу дерегі анықталды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша жалпы 41 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және ойын-сауық мекемелері мен өзге де меншік нысандарының 346 иесі жауапқа тартылды», – деп хабарлады полиция департаменті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT