Карантин талаптарын бұзғандарға 35 млн теңге айыппұл салынды - Алматы облысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында коронавирустың өршуіне байланысты монитоинг топтарының жұмысы күшейтілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысында коронавируспен ауыратындар қарғыны 0,6% өсті. Соңғы тәулікте 99 жағдай тіркелді. Инфекциялық стационарларлың жүктемесі 43%, ал реанимациялық төсек-орынның жүктемесі 15%. Облыстағы медициналық ұйымдар қажетті жабдықтар және дәрі-дәрмектермен қамтылған», - дейді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Оның айтуынша, инфекциялық стационарлардағы төсек-орын саны – 412-ге көбейтіліп, 1550-ге жетті.

«Облыста 4 ахуалдық орталық жұмыс істейді. Дәрігерлер күн сайын ауыр науқастар бойынша кеңес жүргізеді. Жыл басынан бері ПТР тест жасайтын зертханалар 137 мың тест өткізді. Облыста ауру деңгейінің өсуіне байланысты карантин режимі күшейтілді. Алматы облысы мен Алматы қаласы арасында халықтың көп жүруіне байланысты қала маңындағы Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандардында КВИ-мен ауыратындар қатары біршама өсіп кетті. Бұл жерлерде карантин шараларының күшейтілуі туралы қаулылар қабылданды. Коронавирустың өршуіне байланысты монитоинг топтарының жұмысы күшейтілді. 1 қаңтардан бастап 6 797 рейд жүргізіліп, 449 карантин режиімн бұзу жағдайы анықталды. 410 хаттама толтырылып, 35 млн теңгенің айыппұллы салынды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар