+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды

2020 жылғы 2 шілде 15:21
Бөлісіңіз:
Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов карантинт режимін бұзғандарға айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
COVID-19 жұқтыру қаупін профилактика және вакцина жүргізу арқылы азайтуға болады - алматылық профессор Қазақстанға әуе рейсімен келген үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды Алматы облыстық сотының 8 маманы коронавирус жұқтырды

«Карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлғалар 30 айлық есептік көрсеткішке (1 АЕК - 2778 теңге / 30 АЕК - 83 340 теңге), ал кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК-тен (638 940 теңге) жоғары сомаға тартылады. Тиісті нормативтік-құқықтық акті осы аптада қабылданады», - деді Е. Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде.

Еске салайық, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын. Оған сәйкес, биылғы 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданды.

Айта кетейік, Еуропа елдері коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеу шараларын жеңілдетуді жалғастыруда. Еуропада инфекцияның таралу деңгейінің азаюына қарамастан, көптеген мемлекеттің билік органдары азаматтардан бұрынғыдай маска киюді және қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтауды талап етеді. Ережені сақтамағандарға айыппұл салынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT