Карантин талаптары: Нұр-Сұлтанда ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар, кафелер тексерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінің мобильді тобы полиция, СЭС қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысының сақталуын тексеру үшін кезекті мониторинг жүргізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мониторингтік іс-шаралар барысында сауда-ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар, кафелер секілді нысандар тексерілді. Нысандар санитарлық-эпидемиологиялық қатаң талаптарды ұстануы міндетті.

«Саннормалар сақталмайтын, сондай-ақ адам көп жиналатын орындар коронавирус инфекциясының таралуында жоғары қауіп тудыратыны белгілі. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Негізгі ереже — санитарлық нормаларды қатаң сақтау. Нысандардың кіреберісінде санитайзерлер орнатылуы керек, ал қызметкерлер мен келушілер бетперде киюі қажет. 1,5-2 метр қашықтықты сақтау маңызды. Санитарлық нормалардың сақталуын бақылау жөніндегі мобильдік топтар өз жұмысын ары қарай да жалғастыра береді», — деп атап өтті Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес сауда орталықтары жұмыс күндері 22.00-ге дейін істейді, ал демалыс күндері жұмыс істемейді. Бұдан басқа, мейрамханалар мен дәмханалар жұмыс күндері және демалыс күндері 20.00-ге дейін (30 отыратын орыннан аспауы керек) қызмет көрсетеді. Маска режимі сақталуы тиіс.

Айта кетейік, елорда коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа еніп кетті.


Соңғы жаңалықтар