Карантин талаптары қайта күшейтіліп жатқан Алматы облысында блокпостар қойылмайды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Карантин талаптары қайта күшейтіліп жатқан Алматы облысында блок, санитарлық постар қайта қойылмайды. Бұл туралы өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзінше, қатаңдату шаралары түрлі объектілердің жұмыс уақытын қысқартуға ғана әсер етеді. Енді, базарлар түскі үшке дейін, дәмхана сынды қоғамдық тамақтану орындары түнгі он бірге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, бассейндер мен су бұрқақтардың жұмысы тоқтатылған.

Қазір Алматы облысында коронавирус ахуалы 5,5 пайызды көрсетіп тұр. Ал өңірде карантин талаптарын жеңілдетуді бастағанда бұл көрсеткіш 2 пайыздан әрі аспаған.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде карантин талаптары қайта күшейтілуі мүмкін екенін бұған дейін х абарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар