Карантин талабын бұзған Алматы облысының тұрғыны айыппұл төледі

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Сарқан ауданының тұрғыны шектеуге қарамастан карантин талабын бұзды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, Сарқан ауданының тұрғыны Ресей Федерациясынан келгеннен кейін, үй карантиніне жатқызылған. Алайда, халықтың денсаулығына қауіп төндіріп, қоғамдық жерлерге барған.

Мобильді топтың тексеріс нәтижесінде ол азық-түлік дүкенінен табылған.

Азамат 26 510 теңг е ( 10 АЕК ) көлемінде әкімшілік айыппұл төледі.

Одан бөлек, Іле ауданының төрт тұрғыны WhatsApp мессенджері арқылы полиция қызметкері мен 2 дәріхана жұмысшысы коронавирус жұқтырғандары туралы жалған ақпарат таратқан.

Шындыққа жанаспайтын хабарлама таратушылар тез арада анықталып, олармен профилактикалық әңгімелесу өткізілді және осы тұлғалар көпшілік алдында кешірім сұрады.

Бүгінгі күнге Алматы облысында төтенше жағдай талаптарын бұзу фактілері бойынша 195 іс қаралып, 38 адам қамаққа алынды, 151-іне әкімшілік айыппұл салынып, 6 тұрғынға ескерту жасалды.

Ведомство өкілдері осы орайда, шындыққа ұласпайтын хабарламаларды таратпауды және арандатушылыққа берілмеуге шақырады.

«Қазіргі таңдағы барлық ақпарат құзыретті органдардың интернет парақшаларында жарияланып отырады. Төтенше жағдайдың талаптарын бұзған үшін заңмен белгіленген жауапкершілік көзделгенін түсіндіреміз»,- делінген прокуратура қызметінің таратқан хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар