Карантин талабын бұзған 335 елордалық кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада карантин талабын сақтамағаны үшін соттың шешімімен 26 нысанның қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада зертханалар саны 2-ден 24-ке дейін ұлғайтылды. Онда тәулігіне 13 мыңнан астам тест жүргізуге мүмкіндік бар. Қазіргі таңда барлығы 1 миллионнан астам тестілеу жүргізілді. Қазіргі күні орташа есеппен алғанда тәулігіне 3 мыңнан 6 мыңға дейін зерттеу жүргізілуде. Бұл тұрғындар арасында коронавирусты анықтау деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік берді», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, ПТР анықтамалары жоқ халықаралық рейстердің барлық жолаушылары карантиндік стационарларға орналастырылуда. Мысалы, тек 14 наурызда 4 халықаралық рейс қабылданды. онда 170 азаматтың ПТР тест анықтамасы болған жоқ.

«Коронавирус індетіне қатысты вакцина егу жалғасуда. Арнайы кабинеттер, вакцина алғаннан кейін пациенттерді бақылауға арналған залдар штаттық редимде жұмыс жасауда. Қазірдің өзінде 620 медицина қызметкерлері, педагогтар, құқық қорғау органдары мен дипломатиялық корпус қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар вакцина алды», - дейді ол.

Сондай-ақ, қала әкімі күн сайынғы, әсіресе демалыс, мереке күндері карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілгенін айтты. Нәтижесінде 77 млн теңге сомасында 335 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың шешімімен 26 нысанның қызметі тоқтатылды. Аталған жұмыс жалғасуда және қатаң бақылауда.


Соңғы жаңалықтар