+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Карантин: Шымкентте 150 адам жиналған той таратылды

2021 жылғы 22 шілде 11:22
Бөлісіңіз:
Карантин: Шымкентте  150 адам  жиналған той таратылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында полицейлер кезекті рейд барысында 150 адам жиналған тойды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада демалыс күндері мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар қалай жұмыс істейді Той-жиынға барған: Астана жедел жәрдем қызметкерлері КВИ жұқтырған науқастар туралы айтты Эпидахуалды бағалау матрицасы: Әлі де Қазақстанның 16 өңірі «қызыл» аймақта тұр

Еңбекші ауданының полицейлері Ш.Уалиханов көшесі бойында орналасқан тойхананың карантин талаптарын сақтамай, той өткізіп жатқаны туралы хабарлама алған.

Тәртіп сақшылары тойханаға барғанда, онда эпидахуалға қарамай «Мерей той» өткізіліп жатқаны белгілі болған. Сонымен қатар, салтанат сарайының қызметкерлері келген қонақтардың дене қызуын тексермей, кіргізгені анықталған. Ал, даяшылар тойхана ішінде медициналық маскасыз қызмет көрсеткен.

«Аталған жайт бойынша, тойхана әкімшісі мен той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425 -бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды» делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT