Карантин: ШҚО-да қазан айында 6 мың нысанға тексеру жүргізілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 46 мониторингілік топ күн сайын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын тексеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қадағалау мақсатында қоғамдық орындардағы рейдтер жалғасуда. Өңірде шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты 19 қала мен аудан бойынша 46 мониторингтік топ құрылған.

«Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары күн сайын сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және сауда орталықтарына мониторинг жүргізуде. Мониторинг барысында қоғамдық тамақтану орындарының бірінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Онда қажетті дезинфекциялық құралдардың, үй-жайларды тазарту кестесінің болмауына байланысты мекеме иесіне қатысты хаттама толтырылды. Қалған объектілер ешқандай ескертусіз тексеруден өтті», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, қазан айынан бастап облыста 6091 нысан қамтылған 493 рейд жүргізілген.


Соңғы жаңалықтар