+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Карантин шектеулеріне қарамастан ең көп той өткізген өңірлер белгілі болды

2020 жылғы 28 қыркүйек 10:49
Бөлісіңіз:
Карантин шектеулеріне қарамастан ең көп той өткізген өңірлер белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шектеулерге қарамастан ең көп той өткен өңірлерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды Қазақстанда осы уақытта 3 795 адам коронавирустан емделіп жатыр Қазақстанда өткен тәулікте 123 адам коронавирустан жазылды

ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына жауап берген министрлік 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап осы уақытқа дейін карантин кезіндегі тыйымға қарамастан той, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізу бойынша 1110 құқық бұзушылық тіркелгенін хабарлайды.

«Карантин шектеулеріне қарамай ең көп той, еске алу шаралары (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізген Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары», - деп жауап берді министрліктен.

Еске сала кетсек елде коронавирус жұқтырған азаматтардың саны тәулік бойынша азайғанымен, кейбір карантин шектеулері күшінде қалып отыр. Мәселен өткен аптада ғана екі облыста коронавирус табылған мектептер мен балабақшалар карантинге жабылған болатын. Нақтырақ айтқанда өткен аптада Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанда 1 6 баланың коронавирус жұқтырғаны хабарланып еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT