Карантин: Сенбі күндері қоғамдық көлік қызметіне шектеу қойылмайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында сенбі күндері қоғамдық көліктің қызметіне рұқсат беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-Министрдің кешегі Үкімет отырысында берген тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімді мақұлдап отыр.

Атап айтсақ, сенбі күні қоғамдық көлік қызметіне шектеу қойлымайтын болды.

Сондай-ақ, 28 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - Ashyq қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Ал 30 тамыздан бастап жұмыс күндері: Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.


Соңғы жаңалықтар