Карантин режимін өрескел бұзудың 15 мың жағдайы тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерлері карантин режимінің өрескел бұзылу жағдайлары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық тәртіпті бақылау жүргізу барысында полиция қызметкерлері карантин режимінің өрескел бұзылуының 15 мың жағдайын – тойлар мен еске алу шараларының өтіп жатқанын, демалыс орындарының жұмыс істеп тұрғанын анықтады», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша бұған дейін дәрі-дәрмек пен медикаменттердің заңсыз сатылуының 933 фактісі тіркелген. Заңсыз айналымнан 98 мың медициналық аппарат қаптамасы, жарты миллион маска, 41 мың дана медициналық қолғап пен басқа да медициналық бұйымдар тәркіленген. Полиция бұл істерге қатысты 605 адам жеткізілген. Оның 349-ы – медицина саласының қызметкерлері болып отыр.


Соңғы жаңалықтар