Карантин режімін бұзу фактілері азайды – Әділет министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантин режімін бұзу фактілері азайды. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 наурызда карантин шараларын бұзғаны үшін 476-бап бойынша ел аумағында соттар 124 адамды жауапкершілікке тартты. Ал 29 наурызда 33 адамға қатысты тиісті шешім шығарылды. Бұл тұрғыда қабылданған шаралардың нәтижесін байқауға болады», - деді М. Бекетаев Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, ел тұрғындары арасында карантин режімін бұзу фактілері төмендеді.

«Адамдар тарапынан тәртіпті бұзу азайып келеді. Осы орайда өзінің әрі жанындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап отырған біздің азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз», - деді Марат Бекетаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев күшейтілген карантин режіміндегі жаңа міндеттерге қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар, Әділет министрілігі карантин кезінде көшеге спортпен шұғылдануға шығатындарға қатысты түсінік берді.


Соңғы жаңалықтар