Карантин режимін бұзған қостанайлықтар 34 млн теңгеге жуық айыппұл төледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының тұрғындарына карантин режимін сақтамағаны үшін 34 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында карантин талаптарының жеңілдетілгеніне қарамастан мониторингілік топтардың жұмысы жалғасуда.

«Жыл басынан Қостанай облысының мониторингілік топтары 22 750 нысанды тексеріп, карантин талаптарын бұзудың бес жүзден астам оқиғасын анықтады. Осы ретте әкімшілік жауапкершілікке 473 адам тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 33 919 698 теңгені құрады. Оның 6 219 876 теңгесі 130 жеке тұлғаға жаппай іс-шаралар өткізгені, қоғамдық орындарда бетпердені кимегені үшін салынды.

Өңірдің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантин режимі кезінде белгіленген талаптарды орындамаған азаматтардың жауапкершілікке тартылатынын тағы да ескертеді», - делінген ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ақпаратында.



Соңғы жаңалықтар