Карантин режимі жеңілдетілгелі жол қозғалысы 20% артты – Алматы ПД басшысы
«Карантин шараларының босаңсып, қаланың тыныс-тіршілігі кезең-кезеңімен қалпына келуіне байланысты сырттан кіретін көлік саны көбейген. Көлік қозғалысы 20 %-ға артқан. Әлеуметтік желіде көлік кептелісі, қарама қарсы бетке шығу деген сияқты заң бұзушылықтар туралы айтылып жатыр. Ол проблема бар. Блокпосттар патрульдік полиция полктарының қызметкерлерімен күшейтілген. Сонымен қатар бұл посттарда «Сергек» камералары бар», - деді Қанат Таймерденов.
Басқарма басшысының айтуынша, карантин режимі жарияланғалы бері қалада ҚР ӘқбК 3297 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, қалада қылмыс, жол апаты көрсеткіші төмендеді.
Мұның алдында департамент басшысы ең ірі күре жолдарда бірнеше күн бойы кептелістер неден пайда болғанын түсіндірген болатын.