Карантин: Нұр-Сұлтанда жасырын жұмыс жүргізген массаж салоны анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Учаске» жедел-іздестіру шаралары барысында түнде, елордадағы Темірқазық көшесінде орналасқан коттеджде массаж салонының жұмыс істеп тұрғаны анықталды.

Салондағы бойжеткендердің қызметі массажбен шектелмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қызметкерлері ол жердегі бойжеткендердің массаж қызметін ғана емес, белгілі бір сомаға интимді қызмет те көрсететінін анықтады. Салон иесі, 26 жастағы бойжеткен екен. Ол жезөкшелікпен айналысуға нысанын бергені үшін Әкімшілік кодекстің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен.

Сонымен қатар коттедж иесі бас санитарлық дәрігердің карантин режимі кезіндегі шектеу шараларының нормаларын сақтамағаны белгілі болды.

«Карантин режимін бұзған азаматтардың бәрі де заңға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті коронавирус инфекциясыны таралуына жол бермеу үшін карантин режимінің сақталуы керектігін ескертеді», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар