Карантин: Мектептерде мерекелік шаралар қалай өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Білім басқармасында пандемия жағдайында биылғы Тәуелсіздік күні мен ҚР Тұңғыш Президенті күні мектептере қалай аталып өтіллетіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Желтоқсан айында ҚР Тұңғыш Президенті күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл сияқты атаулы мерекелер бар. Өкінішке орай, қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес мәдени бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған. Осыған орай жалпы бұқаралық шаралар болмайды. Ал мереке онлайн форматта аталып өтіледі. Кезекші сыныптарға барып жүрген балалар арасында сынып сағаты сияқты мерекелік шаралар өтеді. Мерекелік шаралар туралы егжей-тегжейлі жоспар қалалық Білім басқармасының сайтында жарияланады», - деді онлайн брифинг барысында қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.

Оның айтуынша, кезекші сыныптарда мерекелік шаралар сынып ішінде ғана өтеді, жалпы мектептік жиындарға тыйым салынған.

Ал қала әкімінің шыршасына қатысты мерекелік шаралар жоспары әлі талқылау үстінде.


Соңғы жаңалықтар