Карантин: Маңғыстау балабақшаларындағы балалар саны 10-нан аспайды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы балабақшаларда кезекші топтар жұмысын бастады. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әкімдік таратқан хабарламаға сәйкес, Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің осы жылғы 7 мамырдағы қаулысы негізінде, Білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашу туралы бұйрығын шығарды.
Осыған байланысты 13 мамырдан бастап Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Қарақия ауданының Құрық және Жетібай ауылдарынан барлығы 58 мектепке дейінгі ұйымдарда 87 кезекші топ ашылды.
Бүгінгі таңда аталған топтарда 865 бала (Ақтау- 498, Жаңаөзен-281, Қарақия ауданы– 86), яғни барлық балабақша контингентінің 2,3 % (мемлекеттік-423, 1,6%, жекеменшік-442, 3,6 %) бар.
Барлығы 364 педагог пен 685 техникалық қызметкерлер штаттық режимде (медбике, аспаз, кір жууышы және т.б) жұмысқа шықты.
Балабақшаларда күнделікті балаларды қабылдау дене қызуларын өлшеу арқылы таза ауда, яғни балабақша ауласында жүргізіледі және топтағы балалар саны 10-нан аспайды.
Сондай-ақ, күнделікті ылғалды тазалық жұмыстары, залалсыздандыру, желдету, дезинфекциялық жұмыстар талапқа сай жүргізіледі.
- Ақмола облысында карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шықты
- Маска режимін жиі бұзатын өңірлер анықталды
- Тірі күйеуімді вакцинадан өлді деп жалған ақпарат таратқан - Меруерт Қожақұлова
- Түлкібас ауданында карантин режимі жыл басынан бері 258 рет бұзылған
-
Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
-
ШҚО-да шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам