Карантин күшейтілген кезде Бурабай курортына баруға бола ма

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір мезгілде 30 адамнан аспайтын облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындары қайта басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бассейндердің жұмысына бір адамға суда 5 шаршы метр есебінен жеке форматтағы жұмыс режимімен алдын ала жазылу бойынша рұқсат етіледі. Сенбі және жексенбі күндері олардың қызметі тоқтатылады.

Сондай-ақ, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтарға бетперде режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) көрермендердің қатысуынсыз, тиісті аумақтардың бас санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған және бір мезгілде 100 адамнан аспаған жағдайда өткізуге болады.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір мезгілде 30 адамнан аспайтын облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындары қайта басталады.

Бұдан бөлек, 1000 шаршы метрге дейінгі алаңда, толымдылығы 30 пайыздан аспайтын және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр жағдай жасалған азық-түлік емес дүкендердің (жеке тұрған) жұмысы сағат 10:00-22:00 дейін шектеледі. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтатады.

Ақмола облысы бойынша такси қызметінің қозғалысы шектеледі (отбасы мүшелерін қоспағанда, 2 адамнан артық емес).

Сондай-ақ, жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарларының (сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, дүкендер павильондарының және базарлар типі бойынша т.б.) қызметі 30 пайыздан аспайтын және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр жағдай жасау мен санитарлық талаптарды сақтай отырып шектеледі. Олардың қызметі сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады.

Ақмола облысы бойынша супермаркеттердің, гипермаркеттердің жұмыс тәртібі егер толымдылығы 30 пайыздан аспаса және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр жағдай жасалған кезде сағат 10:00-нан 22:00 дейін бекітіледі.

Осындай талаптар сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда орталықтарына (сонда орналасқан азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда) қойылып отыр.

Ал балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынады. Бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), ақша айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысы ҚР МГСБ № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-дың жұмыс кестесі жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма) сағат 09:00-дан 18:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін. Карантиндік шараларды сақтау үшін ХҚКО-на және мамандандырылған ХҚКО-на кезекті алдын ала брондау арқылы бару ұсынылады Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0.

«Қазпошта» АҚ жұмысы жұмыс күндері сағат 09:00-дан 18:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін уақытты шектеумен және онлайн форматта барынша қызмет көрсетумен ұйымдастырылады.

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік кірістер ғимараттарының жұмысын жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма) сағат 09:00-дан 18:00-ге дейін (түскі үзіліспен) ұйымдастыру туралы айтылған. Карантиндік шараларды сақтау үшін мемлекеттік кірістер органдарының халыққа сайт арқылы кезекті алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетуі ұсынылады www.kgd.gov.kz, мобильді қосымша E-salyq (Көкшетау, Степногор қалалары, Целиноград және Бурабай аудандары бойынша МКБ), немесе телефон жазбасы бойынша басқармалардың қалған аумақтық аймақтарында.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай және Ақмола облыстары «қызыл аймақ» өтіп отыр.


Соңғы жаңалықтар