+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Карантин: Құдалық өткізген мейрамхана иесіне 300 мың теңге айыппұл салынды

2020 жылғы 11 тамыз 16:25
Бөлісіңіз:
Карантин: Құдалық өткізген мейрамхана иесіне 300 мың теңге айыппұл салынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Жарқайың ауданында карантин кезінде құдалық өткізген мейрамхана иесі әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Жарқайың аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына аудандық полиция бөлімінен Державинск қаласындағы «Ажар» мейрамханасында көпшіліктің жиналуымен іс-шара өткізілгендігі туралы іс материалдары түсті.

«Осыған байланысты жеке кәсіпкердің үстінен ҚР ӘҚбК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік заңбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Яғни, 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды. Айыппұл көлемі қысқартып айтқанда 319 470 мың теңгені құрады», - дейді ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT