Карантин: Қостанай облысында жасөспірім балалар түнгі клубта көңіл көтеріп жүрген

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында мониторинг топтары демалыс орындарына рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейд барысында карантин режимі кезінде жұмыс істеп келген ойын-сауық нысаны анықталды.

Мониторинг тобы келген кезде демалыс клубында 60-тан астам адам болған, оның ішінде кәмелетке толмаған бірнеше бала бар.

Олар өңірдегі қатаң карантинге қарамастан демалыс кешін ұйымдастырған.

«Карантиндік шараларды бұзу және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болуына жол беру фактісі бойынша әкімшілік материалдар жиналды. Кәмелетке толмағандардың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК 442-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ демалыс нысанының әкімшісі де жауапқа тартылады» делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Еске салайық, Қостанай облысы 2021 жылдың қаңтарынан бастап «қызыл аймақта» тұр.

Жыл басынан бері карантин режимін бұзған 211 нысан жауапқа тартылды.


Соңғы жаңалықтар