Карантин: Компьютері мен интернеті жоқ студенттер қашықтан қалай оқиды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова интернеті мен компьютері жоқ студенттер қашықтан қалай оқитынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде 8 колледждің 108 студентінде смартфон жоқ. Студенттер қашықтан оқуға жіберілер кезде оқытушылар оларға арнайы материалдар таратқан. Олар «Қазпошта» арқылы және басқа да жолдармен ұстаздармен байланыста отыр», - деді ол.

Г.Айтқұлованың айтуынша, педагогтар білім беруді үйлерінен жүргізіп отыр.

«Менің ойымша, барлық оқытушыда ноутбук пен смартфон бар. Қазір білім басқармасы оқытушылардың қолындағы техника санын бақылауға алды», - деді басқарма басшысының орынбасары.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавируске шалдыққан 35 адам анықталды. Оның ішінде 17 жағдай - Алматыда, 18 факті - Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.



Соңғы жаңалықтар