+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Карантин: Көкшетауда 4 мониторингтік топ жұмыс істейді

2020 жылғы 26 қазан 02:22
Бөлісіңіз:
Карантин: Көкшетауда 4 мониторингтік топ жұмыс істейді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда карантиндік шаралардың күшейтілгеніне қарамастан талаптар өрескел бұзылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі кезде Көкшетауда 4 мониторингтік топ жұмыс істеуде.

«Бүгін біз «Орталық базардың» жұмыс істеп тұрғанын анықтадық. Облыстың бас санитарлық дәргерінің №129 қаулысы бойынша демалыс күндері базарлардың жұмысына тиым салынған болатын. Сонымен бірге, көпшілік іс-шара өткізген мейрамхана да анықталды», - деп атап өтті Көкшетау қаласының бас санитарлық дәргері Қанат Ысқақов.

Көкшетау қалалық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының сөзінше, бүгінгі күні Көкшетау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан. Станционарларда 70 адам емделуде. Осы ретте, ол көкшетаулықтарды тәртіпке бағынуға және санитарлық шараларды қатаң сақтауға шақырды.

Көкшетау қалалық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Сәрсенбаева кезекті мониторинг кезінде карантиндік шектеу талаптарын бұзу оқиғасы анықталғанын айтуда.

«Мониторинг кезінде мейрамхана ішінде орналасқан «Family Mood» балалардың ойын алаңы жұмыс істегені анықталды. Қала тұрғындары карантиндік шектеулерге құлақ асатын емес, көпшілік шаралар мен отбасылық салтанат өткізуде. Сол себепті, қала тұрғындарын карантиндік шараларды ескеріп, көпшілік орындарға бармауға, маска режимін сақтауға шақырамыз», - деп толықтырды Ә. Сәрсенбаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT