USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Карантин кезінде табысынан айырылған 2,39 млн-нан астам қазақстандық әлеуметтік төлем алды

2020 жылғы 27 тамыз 09:45
Бөлісіңіз:
Карантин кезінде табысынан айырылған 2,39 млн-нан астам қазақстандық әлеуметтік төлем алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 тамыз, сағат 09.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 2 млн 390,9 мың адам бір реттік төлем алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, аталған төлем ел тұрғындарына ағымдағы жылғы шілдеде енгізілген шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғаны үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) бөлінген.

«Біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 599 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем мөлшері ең төменгі жалақыға, яғни 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 390,9 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 384,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ең төменгі жалақы мөлшерінде немесе 21 250 мың теңге қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда»,-делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 млн 599 мыңнан астам өтінімнің ішінде:

– 834,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 685,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 413 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 665,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;

– 0,5 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 834,5 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 268,9 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 496 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 393,4 мың адамға тағайындалды. Қаражат 2 млн 390,9 мың қазақстандыққа аударылды.

«Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады»,-деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT