Карантин кезінде отшашу атқан елорда тұрғыны ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері карантин режимін бұзып, түнгі уақытта бірнеше рет петарда атқан 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 436-бабы 1-бөлімі («елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану») және 476-бабының 6 бөлімі («төтенше жағдай режимін бұзу») бойынша хаттама толтырды. Материал Нұр-Cұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Полиция департаменті елорда тұрғындарына карантин кезінде үйден себепсіз шыққандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын тағы ескертеді.


Соңғы жаңалықтар