+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Карантин: Қазақстандықтар өңірлер арасында жеке көлікпен сапарлай алады

2020 жылғы 2 шілде 16:02
Бөлісіңіз:
Карантин: Қазақстандықтар өңірлер арасында жеке көлікпен сапарлай алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден бастап енгізілетін каратин кезінде көлік қозғалысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Е. Тоғжанов бүгін Мемлекеттік комиссияның отырысы өткенін, осы отырыста коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қатаң шектеу шараларын енгізу мәселелері, арнайы іс-қимыл жоспарлары қаралғанын еске салды.

«Аталған жоспарда азаматтар мен бизнестің мүдделері толық ескерілген. Сол жоспарға негізделе отырып, инфекцияның таралуына жол бермеуге бағытталған шектеу шараларын биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге жариялау туралы шешім қабылданды», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның атап өтуінше, бағыттар санын өсірмей, өңірлер арасындағы әуе қатынасы бұрынғы деңгейде сақталады. Теміржол арқылы жолаушылар тасымалы қысқарады. Қалалар арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату ескерілген.

«Өңірлер арасында жеке көлікпен сапарлауға рұқсат етіледі. Уақыт бойынша шектеулерді ескере отырып, қоғамдық көліктің жұмысы сақталады»,- деді Үкімет басшының орынбасары.

Ол сондай-ақ қалалар арасында блокпостар қойылмайтынын мәлім етті.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT