+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Карантин: Қандай шектеулер алынып тасталды

2021 жылғы 4 мамыр 10:33
Бөлісіңіз:
Карантин: Қандай шектеулер алынып тасталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік-экономикалық нысандарға қандай шектеулер алынып тасталғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақсайдағы тамақтан улану: 9 адам дәрігерге жүгінген Қарағандылық дәрігерлер ауыл-аймақта көшпелі консультация ұйымдастырады Түркістанда еліміздегі ең ірі ауруханалардың бірі салынуда

«Қызыл» аймақтағы супермаркеттердің, гипермаркеттердің жұмыс уақытына қатысты шектеулер алынып, ашық базарлардың демалыс күні жұмыс істеуіне рұқсат берілді. «Қызыл» және «сары» аймақтардағы діни нысандардың қызметіне жабық үй-жайда ұжымдық іс-шаралар өткізбей, ашық ауада қызмет көрсетуіне рұқсат етілді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, «жасыл» аймақтағы мейрамханалар, дәмханаларға, кофеханаларға таңертеңгі 7-ден түнгі сағат 02-00-ге дейін рұқсат берілді. Бұл ретте аталған нысандардан бір уақытта 50-ден артық адам болмауы тиіс. Сонымен қатар «жасыл» аймақтағы компьтерлік клубтар, боулингтер толымдылығы 30 пайызбен жұмыс істей алады. Ал «сары» аймақта көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шаралар өткізуге рұқсат берілді. Бұл ретте спорттың іс-шара өтетін орын не бәрі 15 пайыз толымдылықпен қызмет көрсетуі қажет.

«Қызыл» аймақтағы жазғы алаңдарға 9-00-ден 20-00-ге дейін 50 пайыз толымдылықпен, «сары» аймақта 07-00-ден 24-00-ге дейін 50 пайыз толымдылықпен, «жасыл» аймақта 07-00-ден 02-00-ге дейін 50 пайыз толымдылықпен жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сонымен қатар «қызыл» аймақтағы асхана үлгісіндегі қоғамдық тамақтану нысандары 24-00-ге дейін, «сары» және «жасыл» аймақтарда тәулік бойы жұмыс істей алады», - деді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT