Карантин: Елордадағы барға клиенттер жасырын есіктен кіріп жүрген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері, әкімдік қызметкерлері, еріктілер мен полицейлерден құралған мониторинг топтары карантин режимін сақтамау фактісін анықтау үшін күн сайын рейд өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалықтар санитария дәрігерінің бірқатар ескерту шаралары көрсетілген қолданыстағы қаулысына қарамастан, көңіл көтеретін орындар, компьютер клубтарына барудан әлі де бас тартпай жатыр. Санитарлық талаптарды елемей жүрген алаңсыз азаматтар әрекетінің салдарын ойламай, қала тұрғындарын денсаулығын қатерге тігіп отыр.

Соңғы екі тәулікте полиция департаментінің бірқатар аумақтық бөлімшеле қызметкерлері қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдерімен бірге 124 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, карантин талаптарының сақталмауына қатысты 14 факті анықтаған.

Кейбір мекемелер ақша таппақ болып, келушілерді жасырын есік арқылы кіргізіп жатыр. Осылайша, кеше мобильді топ сағат 23:05-те жұмыс істеп тұрған «Панаехали» барын анықтаған. Мекеме әкімшілігі қулық жасап, мекеменің алдыңғы есігін жауып тастаған. Барға клиенттер мекеменің ас бөлмесіндегі есікпен кірген.

Сондай-ақ, рейд жүргізу барысында мониторинг тобы «Банзай» дәмханасыда талапты сақтамағанын анықтаған. Сағат 00:44-те мұнда келушілер көңіл көтеріп отырғаны белгілі болды.

Түнгі рейдтер барысында мобильді топ тыйым салынған уақытта жұмыс істеп тұрған лото клуб, компьютер клубтары мен дүкендерді анықтаған.

Карантин режимін бұзушыларға қатысты жиналған материал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің

425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.


Соңғы жаңалықтар