Карантин: Елордада той-жиындар тыйылар емес

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Полиция, әкімдік және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдерінен тұратын мобильді топтар карантин режимінің бұзылуын анықтауды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мониторингтік топ өкілдерінің жақында тексеру жұмыстары барысында «Жұмбақтас» мейрамханасында өтіп жатқан тұсаукесер тойының үстінен түскенін мәлім етті. Мейрамханада 70 адам болған, олардың арасында қарт адамдар мен жас балалар да бар.

«Көпшілік арасында бірнеше сағат болған азаматтар өздерінің денсаулығына ғана емес, айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп тұрғанын түсінбейді»,-дейді полиция.

Сондай-ақ Қабанбай батыр көшесіндегі «ВаоВао» мейрамханасына жасалған рейд кезінде сағат 23.10-да карантин талаптарына қарамастан 100-ге жуық келуші би алаңында музаканы шыңғыртып қойып, би билеп, әлеуметтік қашықтықты ұмытқан. Қалғандары үстел басында отырған.

Меншік иелеріне қатысты жиналған материал ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органға жіберілді.

Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері карантин кезеңінде мобильді топтар 894 рейд жүргізіп, 544 заң бұзушылық анықталды.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция депапратменті кәсіпкерлерге карантин шараларын бұзғаны үшін және қызметтің тоқтатылуы үшін жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар