Карантин: Елордада сот қаулысымен 2 ойын-сауық мекемесі жұмысын тоқтатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада карантиндік шараларды өрескел бұзған «Alanya» түнгі клубы мен «Janym Sol» караоке-барының жұмысы сот шешімімен тоқтатылды. ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл мекемелер ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің нұсқауларын жүйелі түрде бұзып келген. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты түнгі клубтың жұмысын 3 айға, ал караоке-бардың жұмысын 1 айға тоқтатты. Сонымен қатар, бұзушыларды әкімшілік айыппұл күтеді.

Еліміздегі кәсіпкерлердің барлығын карантиндік шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз. Талаптарды сақтамау тек материалдық зиян ғана емес, айналадағыларыңыздың, оның ішінде жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндіреді», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар