Карантин: Елордада қоғамдық орындарда шектеу енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың «қызыл аймаққа» өткені ескеріліп, кеше бас санитарлық дәрігер қосымша шектеу шараларын қабылдады. Бұл туралы Үкімет отырысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 127 жағдайы тіркелді. Репродуктивті көрсеткіштің саны бірден асып тұр. Қаланың «қызыл аймаққа» өткені ескеріліп, кеше бас санитарлық дәрігер қосымша шектеу шараларын қабылдады. Олар халық көп жиналатын орындардың қызметіне қатысты. Атап айтқанда, ойын-сауық орталықтары, сауда орындары, қоғамдық көлік, мектеп, мейрамхана жәнеклубтар, кинотеатрлар мен фитнес орталықтары және басқа да нысандар», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, індеттің жұқтырудың одан әрі таралуына жол бермес үшін бірқатар шара қабылданған.

«Инфекциялық стационарларда әзірге 720 төсек әзірленген. Коронавирус расталған 331 адам, пневмониямен 31 адам емделуде. Барлық стационар медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етілген. Резервте 7 мың төсек-орын бар», - дейді ол.
Соңғы жаңалықтар