Карантин: Елордада клиенттеріне кальян ұсынған лаундж-бар иесі жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың полиция қызметкерлері карантин талаптарын бұзған елордадағы көңіл көтеретін орындардың бірінің әкімшісін жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 21.00-де «Учаске» жедел-іздестіру шаралары барысында «Алматы» ауданының полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкерлері Сәтпаев көшесіндегі «Шишка» атты көңіл көтеретін орында Әкімшілік кодекстің 441-бабы бойынша заңның бұзылғанын анықтады. Атап айтқанда аталмыш орынның әкімшісі клиенттерге кальян қоспасын берген», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталмыш орынның әкімшісі бұдан бұрын да заңды бұзғаны белгілі болып отыр. Яғни бұрын да клиенттерге кальян беріп, ұсталған. Әкімшілік кодекстің 441-бабы бойынша әкімшілік жауапқа бірнеше рет тартылса да одан нәтиже шығармаған. Бірнеше рет заң бұзған оған 25 АЕК айыппұл салынды.

«Аталмыш көңіл көтеретін орында 20 шақты жас азамат отырған. Олардың көбінің үстелінде кальян тұрған. Полиция қызметкерінің заңды талабына бойсұнбаған олардың біреуі әкімшілік жауапқа тартылды. Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен Әкімшілік кодекстің 667-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған ескерту түрінде бұлтартпау шарасы белгіленді», - деп хабарлайды департаменттен.


Соңғы жаңалықтар