+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Карантин: БАҚ өкілдерінің мемлекеттік органдарға кіруіне рұқсат берілуі мүмкін

2021 жылғы 27 қыркүйек 19:01
Бөлісіңіз:
Карантин: БАҚ өкілдерінің мемлекеттік органдарға кіруіне рұқсат берілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда карантин талаптарын сақтай отырып БАҚ өкілдерін іс-шараларға тікелей қатысуға рұқсат беру мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда үй карантинін бұзған 199 адамға айыппұл салынды Карантин: Алматыда залалсыздандыру жұмыстары күнделікті жүргізілуде Жоғары оқу орындарында карантин талаптары қалай сақталған

«Алдымен Нұр-Сұлтан қаласының әлі де болса «қызыл» аймақта екенін ұмытпаған жөн. Ал той-тоймалақ жасауға берілген рұқсатқа келсек, шағын және орта бизнес өкілдері тарапынан көптеген өтініштер келіп түсті. БАҚ өкілдерін мемлекеттік органдарда өтіп жатқан шараларға тікелей кіргізбеу ақпарат алуда шектеу қою деуге болмайды. Бізде БАҚ-тың жұмысына кедергі келтіріп, шек қою деген мәселе жоқ. Парламент, Үкімет үйінде өтіп жатқан барлық іс-шаралар жұртшылыққа онлайн таратылады»,- деді ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Премьер-Министр орынбасары елімізде карантин талаптары бар екенін тағы бір еске салып, маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырды.

«Тілшілердің ақпарат алуына қатысты шектеулер жоқ. Қажет жағдайда тиісті органға ресми сауал жолдай алады, одан бөлек, күнделікті онлайн баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып жатыр. Оның барысында БАҚ өкілдері өз сауалдарын құзырлы орган өкілдеріне тікелей қоя алады. Бүгінді таңда санитарлық талаптарды сақтай отырып, тілшілердің тікелей қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізу мәселесі қаралып жатыр», - дейді ол.

Сол сияқты Ералы Тоғжанов алдағы уақытта тілшілердің қатысуымен өтетін іс-шараларға Ashyq жүйесімен кіргізілетінін ескертті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT