Карантин: Аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесі пысықталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік комиссия әкімдіктермен бірлесіп, аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесін ойластыруға тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқшаулану кезінде ата-аналарға кішкентай балаларымен төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес. Мемлекеттік комиссия әкімдіктермен бірлесіп, аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесін ойластыруға тиіс. Әрине, алдымен, барлық санитарлық нормалар мен санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы керек», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев саяжайда жұмыс істейтіндерге қатысты мәселе қарастырылғанын атап өтті.

«Саяжай иелері де қатты алаңдап отыр. Өйткені, қазір көктемнің дәл ортасы, жұртқа қолайлы кезең. Мемлекеттік комиссия бұл мәселені қарастырды, енді оны шешу жолын айтады», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар