Карантин: Атыраулық кәсіпкерлердің 40 пайызы қызметкерлерін қысқартқан

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында пандемия кезінде сауда, қоғамдық тамақтану орындары, сауда, ойын-сауық орталықтары секілді ең көп зардап шеккен бизнес субъектілері арасында сауалнама жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Атырау өңірлік палатасының директоры Абдолла Идресовтің айтуынша, 3 мыңға жуық кәсіпкерден сауалнама алынған.
«Атырау облысында 18 705 бизнес субъектісі бар. Бүгінгі таңда өңірде пандемия кезінде зардап шеккен 3 мыңға жуық кәсіпкерден сауалнама алынды. Оған сәйкес, кәсіпкерлердің 40% қызметкерлерін қысқартқан, 34% дағдарыс жағдайында, ал 54% табыс айтарлықтай төмендеген», - деді Абдолла Идресов.
Оның айтуынша, елімізде кәсіпкерлікті қолдау үшін кешенді шаралар әзірленуде. Шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету шарасының қатарында неғұрлым зардап шеккен салаларда несие төлемін биылғы 1 қазанға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылып отыр.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Атырау облысында 222 адам бизнес бастау үшін несие мен гранттар алды.
- Атырау облысында бір тәулікте 111 адам коронавирусқа шалдықты
- Алматыда телемедицина орталығы коронавирус жұқтырған науқастарға тәулік бойы көмек көрсетеді
- Атырау облысында кәсіпкер тегін медқызметтерге бөлінген қаражатты жымқырған
- Коронавирус: Нұр-Сұлтанмен қатар 6 облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр
-
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 50 адамның жағдайы өте ауыр
-
Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам