Карантин: Атырауда жүкті әйелдердің босануы кезінде қасына адам шақыруға тыйым салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жүкті әйелдердің босанар кезде серіктес шақыруына тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше Атырау облысы коронавирус инфекциясының қайта өршуіне байланысты «қызыл» аймаққа енген еді. Ал, бүгін «қызыл» аймақтағы Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті.

Осыған байланысты облыстық перинаталдық орталық жүкті әйелдердің босанар кезде серіктес шақыруына тыйым салып отыр.

«Атырау облысында қауіпті вирусты жұқтырушылар дерегі көбейіп, эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Осыған байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін жүкті әйелдерге босанар кезде серіктес шақыруға рұқсат етілмейді», -деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар